Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ҚТЖ» қызметкерлері дизель отынын ұрлаған – ҚМА

«ҚТЖ» қызметкерлері дизель отынын ұрлаған – ҚМА

Қарағанды. 16 тамыз. 7kun.kz – «ҚТЖ» АҚ филиалы қызметкерлеріне қатысты дизель отынын ұрлау схемасы анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті Ө. Елубайұлына қатысты соталды тергеуді аяқтады. Ол 2021-2022 жылдары локомотив депосының машинистерінен дизель отынын сатып алып, Жаңаарқа ауданы және Жаңаарқа кентінде өткізу үшін сертификатталмаған екі цистернада сақтаған. Тексеру барысында жер асты цистерналарынан жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асатын құжаты жоқ 15 тоннадан аса дизель отыны табылды», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында «ҚТЖ» АҚ филиалы қызметкерлеріне қатысты дизель отынын ұрлау схемасы анықталды.

Ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкер жұмыстан босатылды. Сот үкімі бойынша Елубайұлы кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Похожие материалы