Алматы. 11 қазан. 7kun.kz - 10 жылға сотталған экс-Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы vlast.kz хабарлады.
Vlast мәліметінше мұны Бишімбаевтың жақындары растаған. Ал туысы Санжар Алтаев экс-шенеунікпен бірге түскен суретін желіге жариялаған. Мұны Шымкенттің Абай аудандық соты да растаған. БАҚ-ның жазуынша экс-шенеунік жұма күні, таңертең босатылған.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 2018 жылдың наурыз айында Қызылордадағы әйнек зауытын салу кезінде қаржы жымқырды, пара алды деген айыппен 10 жылға сотталған еді. Шенеунікпен бірге «Байтерек Development» басшылары, бизнесмендер барлығы 22 адам істі болды.
Желтоқсан айында Бишімбаевтың жалпы режимдегі колонияға, кейін қоныс колониясына ауыстырылғаны белгілі болды. Қаңтар айында Шымкенттегі орташа қауіпсіздіктегі колонияға ауыстырылғаны туралы ақпарат тарады.