Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Тайландта қазақстандықтар арасынан басқа да еңбек құлдығынан зардап шеккендердің болуы жоққа шығарылмайтынын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, өткен жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Тайландтағы Елшілігі үш мемлекеттің шекарасындағы «Алтын үшбұрыш» яғни Тайланд, Мьянма және Лаос мемлекеттеріндегі Қазақстан Республикасының 14 азаматына көмек көрсетті.
«Бұл жігіттердің айтуынша, олар болған компанияда басқа қазақтар жоқ. Бірақ алтын үшбұрыш аталып кеткен елдерде болуы мүмкін», – деді Смадияров.
Ол адамдарды құлдыққа тарту схемасы өте қарапайым: шетелде ірі инвестиция немесе басқа компанияда жоғары ақы төленетін жұмысқа жарнама орналастырылатынын атап өтті. Бұл ретте жалақы 2 мыңнан 3 мың долларға дейін уәде етіледі.
«Әрине, тіл білу керек, бір қызығы, шетелде білім алған жоғары білімі бар азамат қайда баратынын түсінуі керек еді.Мұндайда бұл жігіттер (құлдықтан құтқарылған екі жігіт – ред.) қытай тілін біледі, бір кездері Қытайда оқып, БАӘ барып, осы компанияны сол жерден тауып алады. Оларға қытайлық компанияға жұмысқа орналасуға уәде берген, бірақ кеңсе Таиландта орналасқан деп айтқан. Жұмыс берушілер қос азаматтың рейсі мен қонақүйін, тіпті басқа да шығындарын төлеген. Тайландқа келгеннен кейін оларды көлікке салып, Мьянмаға алып кеткен. Нәижесінде алаяқтықтың құрбандары болып шықты - келгеннен кейін бұл ірі компания емес, майнингпен, криптовалютамен айналысатын қарапайым компания болып шыққан», – де ол.
Еске салайық, 11 қаңтарда үкімет отырысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров екі қазақстандықтың шетелде еңбек құлдығында қалғанын айтқан болатын.Сыртқы істер министрлігі Таиландтағы қазақстандықтарға көмек көрсетіліп жатқанын хабарлаған.