Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Құрылыс секторына салынған инвестициялар 14 %-ға артты

Құрылыс секторына салынған инвестициялар 14 %-ға артты

Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда жыл басынын бастап шілдеге дейін негізгі капиталға салынған инвестицияның мөлшері 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 трлн 400 млрд теңгеге өсіп, 5 трлн 500 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Тарқата айтқанда, құрылыс саласына салынған инвестиция да өсіп, оның мөлшері 40 млрд теңгеге жеткен. 1 жыл бұрын бұл көрсеткіш 35 млрд 200 млн теңгені көрсеткен болатын. Құрылыс саласына инвестициялардың 13,6%-ға тұрақты өсуіне қарамастан, олардың үлес салмағы 0,9%-дан 0,7%-ға дейін төмендеді.

Аталмыш динамика жыл сайын сақталып келеді. Мәселен, 2013 жыл мен 2018 жылдарда (қаңтар-шілде) құрылыс секторына салынған инвестиция 39,8%-ға өскен.

Аймақтарды салыстырып қарағанда, құрылыс саласына салынған негізгі инвестиция Атырау облысында (30,1%) шоғырланған. Ол жаққа 40 млрд теңге инвестицияның 12,05 млрд теңгесі тиесілі.

Ал, Алматы қаласында 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде құрылыс қажеттілігіне 6,4 млрд теңге бағытталған. Аймақтардың үштігін - 4,3 млрд теңгелік көрсеткішпен Алматы облысы түйіндейді. Аталған аймақтарға барлық инвестицияның 56,9%-ы немеспе 22,8 млрд теңгесі тиесілі болып отыр.

Похожие материалы