Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілік көзделген бап алынып тасталады

Қылмыстық кодекстен Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілік көзделген бап алынып тасталады

Нұр-Сұлтан. 16 маусым. 7kun.kz – ҚР қылмыстық кодексінің экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізбеу туралы бабы күшін жояды. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол Қылмыстық кодекстің 373 бабы қолданыстан алынып тасталатынын хабарлады.

"Ел президентін қорлағаны үшін жауапкершілік туралы басқа бап бар, ол қалады. Ал елбасына қатысты бөлек бап болмайды", - деді ол.

Сондай-ақ министр қандай жағдайда Елбасыны жауапкершілікке тартуға болатынын айтты.

«Конституция бойынша Қазақстан президенті мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана емес, басқа қылмыстар үшін де жауапқа тартылады», – деп жауап берді Қанат Мусин.

Похожие материалы