Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуропаның ең қымбат қонақ үйлері анықталды

Еуропаның ең қымбат қонақ үйлері анықталды

Қонақ үйдің бір күндік бағасы бойынша ең қымбат қала - Швейцарияның астанасы Берн екендігі анықталды. Ол жерде бір күн түнеу 174,98 еуроны құрайды. Бұл жөнінде lenta.ru хабарлады.

Бір айта кетерлігі, былтырғы жылмен салыстырғанда Бернде орналасу құны 7,27 пайызға қымбаттаған. Екінші орында өткен жылы көш бастаған Лондон қаласы тұр. Бұл жерде туристер бір түн қону үшін 138,05 еуро төлеуі қажет. Үшінші орынға Копенгаген (136,9 еуро) жайғасты. Қымбат қалалардың ондығына Стокгольм, Осло, Брюссель, Хельсинки, Амстердам, Париж және Дублин енген.

Похожие материалы