Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғыз президенті биліктен кетті

Қырғыз президенті биліктен кетті

Бүгін Қырғызстан  президенті  Сооронбай Жээнбеков қырғызстандықтарға үндеу жолдап, отставкаға кеткенін мәлімдеді.

Оның айтуынша елдегі жағдай әлі де қиын жағдайда.

 «Кеше Жогорку Кенеш үкімет құрамын бекітті, мен президент ретінде тағайындау туралы жарлықтарға қол қойдым. Бірақ бұл шиеленісті жағдайды шешкен жоқ. Өкінішке қарай қарсылық тоқтаған жоқ, менің отставкаға кетуімді талап ету жалғасуда. Қазір жағдай екіжақты қақтығысқа жақын», деген Жээнбеков бір тарапта халықтың, бір тарапта әскерилердің тұрғанын айтты.

«Әскерилер мен құқық қорғау органдары мемлекеттік резиденцияны қорғау үшін қару қолдануға міндетті. Мұндай жағдайда қан төгіледі. Мен екі тарапты да арандатуға бармауға шақырамын. Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі мен тыныштығы бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірі қымбат», - деді ол.

Билікке жабыспайтынын, Қырғызстан тарихында өз халқына қарсы оқ атқан президент ретінде қалғысы келмейтінін айтқан ол, отставкаға кететінін мәлімдеді.

Қырғызстандық БАҚ ел Конституциясына сәйкес президент міндетін парламент спикері Қанат Исаев атқаратын болды.

Похожие материалы