Қырғызстан. 11 шілде. 7kun.kz – Қырғызстанда «алтын төлқұжат» туралы заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды 7kun.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.
Инвесторлар жеңілдетілген тәртіппен Қырғызстан азаматтығын ала алады. Қазір Заң жобасы қоғамдық талқылауда.
«Егер инвестор біздің экономикамызға 300 мың доллар салса, оған азаматтық бере аламыз деп ойлаймын. Бұл жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе бизнесті ашу болуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, біз инвесторға жеңілдетілген тәртіппен азаматтық беруіміз керек», – деді Инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттіктің басшысы Равшан Сабиров.
Оның айтуынша, мұндай тәжірибе көптеген елдерде бар.
Бұған дейін мұндай төлқұжатты ел экономикасына 500 мың доллардан бастап үлес қосатын инвесторларға беру ұсынылған болатын.
Қазақстанда «алтын төлқұжатты» енгізу идеясы елдің 2022-2026 жылдарға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының құжатында айтылған.
«Дүниежүзілік төлқұжат индексіндегі елдің рейтингін арттыру үшін инвестиция көлеміне байланысты түрлі преференциялар беру арқылы Қазақстанда «алтын төлқұжат» қағидатын қолдану мүмкіндігі қарастырылуда», - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінде.