Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстанның экс-президенті тиіспеушілік мәртебесінен айырылды

Қырғызстанның экс-президенті тиіспеушілік мәртебесінен айырылды

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Қырғызстан Жогорку Кеңеші (парламенті) экс-президент Алмазбек Атамбаевты тиіспеушілік мәртебесінен айырды.

27 маусымдағы жиын кезінде 109 депутаттың 103-і – қолдап, алтауы қарсы дауыс берді.

Бас прокуратура Атамбаевқа тағылған жемқорлық, заңсыз баю және лауазымын асыра пайдалану сияқты айыптарға негіз тапқан.

Қырғызстанның Бас прокуроры Откурбек Джамшитов бейсенбі күні өткен парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінде, қадағалау органы арнайы парламенттік комиссияның қорытындысын зерттеп, «Атамбаевтың Республика Президенті лауазымында аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктенуіне негіз бар» деген қорытындыға келгенін айтты.

«Комиссияның қорытындысында көрсетілген алты фактінің бесеуіне сәйкес, күдіктенуге негіз бар», - деді ол.

Похожие материалы