Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай АҚШ-пен сауда келісімін өткізбейтін болды

Қытай АҚШ-пен сауда келісімін өткізбейтін болды

Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Пекин бұл шешімді АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі қытай тауарларына баж салығын ұлғайтқаннан кейін қабылдаған. Бұл туралы америкалық Wall Street Journal басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, Қытай жақын күндері Вашингтонға бармақшы болған екі бірдей делегациясын жібермеуді ұйғарған. Келіссөздердің қай уақытқа шейін шегерілгені әзірше белгісіз.

Қыркүйектің 18-і күні президент Трамп Қытайдан келетін тауарларға жаңа баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойған. Келесі аптадан бастап күшіне енетін бұл жарлық Қытайдан келетін 200 миллиард доллардың тауарына әсер етеді. Трамп өз шешімін Пекин сауданы әділетсіз жүргізіп отыр және америкалық компаниялдарды құнды технологияларды беруге мәжбүрлейді деп түсіндірген.

Похожие материалы