Нұр-Сұлтан. 31 мамыр. 7kun.kz – ҚР Бас прокуратурасы Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарудан бас тартылғанын растады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға сотты болған Ақжарқын Тұрлыбайдың өзін Қазақстанға ауыстыру туралы жазбаша өтінімі түскен болатын. Сол күні-ақ Қытай тарабына тиісті сауал жолданды. ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартылған. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін ескеріп, осындай шешім қабылданғаны айтылған», - делінген хабарламада.
Алайда Бас прокуратурада әлі де үміт үзуге болмайтынын айтты.
Айта кетейік, биыл мамырда Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін екендігін оның адвокаты Сұңқар Нұрмағабметов айтқан болатын.