Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай еліміздің автоөнеркәсіп салысындағы ірі инвестор болады

Қытай еліміздің автоөнеркәсіп салысындағы ірі инвестор болады

Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz –  2018 жылы 11 желтоқсанда Астанада аса ірі қазақстандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС -нің  автомобильдер импорты және экспорты бойынша қытайдың СМС (China National Machinery IMP. & EXP. CORP) трансұлттық мемлекеттік компаниясының капиталына кіруі туралы (акциялардың 51%)  инвестициялық келісімге қол қойылды. Іс-шараға Бірінші вице-премьер Асқар Мамин қатысты, деп хабарлайды ҚР Премьер министрлігінің баспасөз қызметі.

Асқар Мамин айтуынша,  келісім отандық автомобиль жасау саласы үшін стратегиялық жоба. Бұл саланың даму қарқыны артып, сыртқы нарықтарға шығу үшін экспорттық әлеуеті ұлғаятын болады. Жоба «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады.

Бірлескен кәсіпорынды дамыту аясында серіктестер саладағы өндіріс көлемін 100 000 дана автомобильге жеткізуді көздеп отыр. Ал, жергіліктендіру деңгейін 50%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

"Бірлескен жоба аясында өндірісті жергіліктендіру барынша ұлғайтылып, брендтер қоржыны арттырылып, жаңа технологиялар енгізіледі" , - деді Genertec басқарма төрағасы Лу Йимин келіссөздер барысында.

Бірлескен кәсіпорынға салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 1,1 млрд $  болмақ.

Жобаға сәйкес, 2019 - 2021 жж өндірісті дамыту стратегиясы аясында қытайлық серіктертер және инвесторлармен бірлесіп JAC, ANKAI, HOWO, HANTENG брендіндегі атвомобильдері шығару жоспарланған.

СМС (China National Machinery IMP. & EXP. CORP.) — ірі халықаралық жобалаушы. Сонымен қатар, жобаларды басқаруда қызмет көрсету бойынша мердігер және автомобиль саласында көрсетілетін қызметтерді жеткізуші. Genertec құрамына кіреді.

Похожие материалы