
Алматы. 8 мамыр. 7kun.kz – Қытай І тоқсанның қорытындысы бойынша 10 негізгі түсті металл өндірісінің көлемін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға 13,7 млн тоннаға дейін арттырды, - деп хабарлайды Вести сайты. Экономика даму және реформалар істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің деректеріне сілтеме жасап.
2018 жылғы қаңтар-наурызда өсу қарқыны 2,4%-ды құрады. Биылғы жылдың І тоқсанында мыс өндірісі 8,8%-ға артып, 2,05 млн тоннаға өсті. Қорғасын шығару 32,6%-ға 1,43 млн тоннаға дейін жетті.
Наурыз айында Қытайда мыс, алюминий және мырыштың бағасы өткен аймен салыстырғанда көтерілді, сонымен қатар қорғасын арзандады, - деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.
Негізгі түсті металдар қатарына мыс, алюминий, қорғасын, мырыш, никель, қалайы, сурьма, сынап, магний және титан кіреді.