
Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz – Қытай сейсенбі күні орбитаға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін екі спутникті сәтті шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости Қытай ғарыштық ғылым және технология корпорациясына (CASC) сілтеме жасап.
Аппарат орбитаға Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан «Чанчжэн-4С» зымыран-тасығышымен жергілікті уақыт бойынша 6:52-де шығарылды.
Спутниктер ғылыми тәжірибелер, жер ресурстарын зерттеу, топографиялық түсіру және картография үшін пайдаланылатын болады.