Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz — Қытайда коронавирусты жұқтырған адамдардың саны 24 324 адамға жетті. Тәулік ішінде науқастардың саны шамамен 4000 адамға ұлғайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, індеттен қайтыс болғандар саны 490-ға жетті (бұрын 425-ке хабарланған), тағы бір адам Гонконгта қажал құшты.
Соңғы тәулікте 3,8 мың жаңа оқиға анықталды. Бұл ретте, Гонконгта 18 жағдай анықталды (оның ішінде 1 адам қайтыс болды), Макаода 10 адам ауру жұқтырды және Тайваньда инфекцияның 11 оқиғасы расталды.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, Қытайдан басқа 24 елде 176 адам вируспен ауырады. Ең көп инфекцияны жұқтыру жағдайлары Таиландта (25), Сингапурда (24), Жапонияда (21), Оңтүстік Кореяда (16), Австралияда (13), Германияда (12), АҚШ-та (11) анықталған. Ресейде екі оқиға тіркелген, екеуі де ҚХР азаматтары. Жалғыз өлім оқиғасы Филиппинде тіркелген.
Еске сала кетейік, коронавирустың өршуі 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында басталды. Жұқтырғандар жергілікті теңіз өнімдері базарында жұмыс істеген. Содан кейін ауру жағдайлары ҚХР-ның басқа қалаларында тіркелген.