Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайда экс-министр жемқорлық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді

Қытайда экс-министр жемқорлық жасағаны үшін өлім жазасына кесілді

Қытай. 22 қыркүйек. 7kun.kz –  Қытай соты ҚХР-ның бұрынғы Әділет министрі Фу Чжэнхуаны екі жылға шегеру мерзімімен өлім жазасына кесті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сот Фу Чжэнхуа өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жеке басының пайдасы үшін пара алғанын, жеке тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасағанын және оның «інісінің ауыр қылмыстары туралы айғақтарды жасырғанын» анықтады.

Тергеу мәліметтері бойынша, Фу Чжэньхуа 117 миллион юань (шамамен 16,5 миллион доллар) көлемінде пара алған. Сотталушы кінәсін мойындап, ақшаны қайтарды.

Цзилинь провинциясының Чанчун қаласының орта деңгейдегі халық соты экс-министрді екі жылға шегертілген мерзіммен өлім жазасына кесу туралы шешім қабылдады.

Өлім жазасын екі жылға шегеру – Қытайда кең таралған тәжірибе. ҚХР Қылмыстық кодексінің 50-бабына сәйкес, егер сотталған адам екі жыл ішінде қасақана қылмыс жасамаса, бұл жағдайда өлім жазасы өмір бойына ауыстырылуы мүмкін. Көбінесе шегеру мерзімі өлім жазасынан босатуды білдіреді.

Айта кетейік, Фу Чжэньхуа 2013 жылдан 2018 жылға дейін ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі басшысының орынбасары, 2018 жылдан 2020 жылға дейін Әділет министрі қызметін атқарды.

Оған қатысты тергеу 2021 жылдың қазан айында басталған болатын.

Похожие материалы