Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайдан келген қандастар Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған

Қытайдан келген қандастар Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған

Алматы. 29 қыркүйек. 7kun.kz – Алматыда қаржылық пирамида ұйымдастырып, ондаған адамды алдаған Қытайдан келген төрт қандас ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Полиция мәліметінше, олардың екеуі Қазақстан азаматтығын алып үлгерген, ал өзге екеуінің елде тұруға рұқсаты бар.

«Олар келесі схема бойынша жұмыс істеді: «Лозада групп» компаниясының атынан әрекет ете отырып, олар интернетте капиталды көбейту мүмкіндігі туралы хабарландыру орналастырған және пзаматтарға криптовалютаға ақша қаражатын инвестициялауды ұсынған. Көптеген адам алданған. Кейбіреулер күмәнді жобаға миллиондаған ақшасын салған. Олар дивиденд төлеуге ниет білдірмеген, әу бастан мақсаттары халықты алдау болған»,– деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілерді қаланың криминалдық полициясының, сондай-ақ Наурызбай және Алмалы аудандарының полиция басқармаларының қызметкерлері Ақкент шағынауданындағы пәтерлердің бірінде ұстады. Олар үш қыз және жас жігіт болып шықты. Топтың ең үлкен мүшесі – 26 жаста. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол алаяқтық схеманың негізін қалаушы және жетекшісі болған.

«Тергеу-жедел тобы күдіктілердің тұрғын үйін тексеру барысында әртүрлі атаудағы 60-тан астам банк картасын, төрт ұялы телефонды, сим-карталарды және ноутбуктарды тәркіледі. Сондай-ақ жалдамалы пәтерден банктік карта шоттары мен құпия сөздері жазылған бес қалың дәптер табылды», - деді Аханов.

Қазіргі уақытта кешенді жедел іс-шаралар жүргізілуде, алаяқтыққа басқа қатысушылардың жеке басы анықталуда.

Похожие материалы