
Алматы. 29 қазан. 7kun.kz – Қазақстанның Қытайдағы сауда-экономикалық миссиясы Сиань қаласында өткен жыл сайынғы VII халықаралық сатып алу көрмесіне қатысты, - деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі.
Қытайлық компаниялар ауылшаруашылық өнімдерінің импортына, қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытуда. Қытай тарапынан 30-дан астам компания қатысты.
Сауда-экономикалық миссиясын ҚР инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және Қытайдың халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.