Қытай билігі жеке тұлғалар мен компаниялардың АҚШ долларын сатып алуына шектеу қойды. Осы арқылы мемлекет юаньға деген қысым мен капиталдың шетелге кетуін азайтуды қолға алуда, деп жазады ria.ru Financial Times-қа сілтеме жасап.
Қытай билігі көбіне Шанхай мен Шэньчжен тұрғындарының америкалық және гонконг долларын жиі сатып алуына алаңдаушылық білдіруде.
"Орта топтағы банктерден Шанхай тұрғындары күніне 5 мың доллар сатып алады, ал алдын ала тапсырыс берілген болса 10 мың доллар сатып алуға мүмкіндік бар. Бір апта ішінде үш рет тапсырыс қабылданады", - делінген Financial Times мақаласында.
Шетел валютасын сатып алу бойынша жеке тұлғаларға шектеу қойылған. Олар жылына 50 мың АҚШ долларын ғана сатып алады.
Айта кетейік, бейсенбі күні Қытайдың қор нарығы юань бағамы долларға қатысты айырбас курсын 0,51%-ға (6,5646 юаньға дейін) төмендеткен соң құлдырай бастады.
Фото: rykov.ru