Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай инвесторлары Алматыда жиһаз зауытын салады

Қытай инвесторлары Алматыда жиһаз зауытын салады

Алматы қаласының Алатау ауданында жиһаз зауыты салынады. ҚХР-дағы Чэнду қаласының өнеркәсібі жақсы дамыған Синьду ауданының инвесторлары зауытты салуға 2 млн доллар инвестиция салмақ. Бұл жөнінде Чэнду ауданының депутаты Ян Джилай Қытай-Қазақстан сауда-экономикалық конференциясы барысында мәлімдеді деп жазады ortcom.kz. «Біздің 40 жиһаз компаниямыз Алматымен көптен бері бірлесіп жұмыс жасап жатыр. Біз 1 млн теңгеге жуық қаражатты Алатау ауданында сауда үйін салуға бөлдік. Осының арқасында қазақстандық сауда желісіне ресми түрде енуге мүмкіндік алдық. Қазір біз қазақ-қытай өнімдерін жасап шығаратын зауыт салғымыз келеді. Осылайша тек Алматы қаласымен ғана емес, басқа да қалалармен серіктес болғымыз келеді. Кейіннен Кедендік одақ аясында экспортқа шықсақ дейміз», - дейді Ян Джилай.

Өнімдердің сапасын растап, сауда қатынасын орнату туралы Синьду аудандық жиһаз қауымдастығы мен Алматы сауда және инвестиция палатасы арасында екі жақты келісім жасалды. «Қытаймен серіктестікте біз екі бағытты байқап отырмыз. Біріншісі - біз Жібек жолы бойында орналасқан, көрші елдерміз. Сол себепті әлемдік аренада бірлескен өнімдерімізді ұсына аламыз. Екіншісі - қытайдың туризм нарығы. Алматыда 4,5 млн қонақты күтуге болатын 135 қонақ үй бар. Біз қытайлық туристердің біздің елімізге келуге құштар екендіктерін байқадық. Аталған 4,5 млн қонақтардың жартысы осы қытайлықтар болады деп ойлаймыз. Туристер - біздің болашақ инвесторларымыз», - деді Алматы қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Тимур Дүйсенғалиев.

Похожие материалы