Қытайдың Ұлттық банкі бейсенбі күні мемлекеттің қаржы жүйесіне кері РЕПО операциясы арқылы 100 млрд юань (15,48 миллиард доллар) құйды. Бұл туралы Прайм ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық банк жеті күн және 2,25% кіріс есебі бойынша операция жүргізген.
Бұдан бұрын реттеуші долларға қатысты юань курсын 0,35%-ға ұлғайтты. Бұл 2016 жылғы фиксингтің максималды нығаюы болып отыр. Бейсенбі күнгі Қытай ақшасының долларға қатысты бағамы 6,4612 юаньды құрады. Бұл сәрсенбі күнгі бағаммен салыстарғанда 229 пунктқа төмен.