Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қызмет алушылардың құқықтарын сақтау, қорғау және қалпына келтіру – басты назарда

Қызмет алушылардың құқықтарын сақтау, қорғау және қалпына келтіру – басты назарда

Нұр-Сұлтан. 6 мамыр. 7kun.kz – Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері жөніндегі консультациялық-сараптама тобының отырысы өтті. Отырысқа Агенттік Төрағасы Дархан Жазықбаев төрағалық етті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік Төрағасы «азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту фактілерін болдырмау, қызмет көрсету кезіндегі әкімшілік пен бюрократиялық кедергілерді жою, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейін арттыру мәселелеріне баса назар аудару қажеттілігін» атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша, ақпараттық жүйелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мәліметтерді өзектендіру, қызмет берушілердің біліктілігі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты нақты ұсынымдар енгізілді.

Похожие материалы