
Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — Қызылорда облысында 2020 жылы жаңа ет комбинаты іске қосылады. Бұл туралы өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, жоба аясында мал сою пункті жаңғыртылады.
"Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 5 мың тонна өнім құрайды. Жобаның құны 832,5 млн теңгеге бағаланады", - деді ведомствода.
Сонымен, қазіргі уақытта негізгі цехтың іргетасын, санитарлық аймақты, зертханаларды және әкімшілік ғимараттарды құю бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте өнім тек Қазақстанда ғана сатылмайды, 70%-ы Иранға экспортталады.