
Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – Қызылорда облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны салынады.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтеріне сәйкес, жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі бойынша іске асырылатын болады.
«Қызылордадағы қоқыс сұрыптау кешеніне арналған полигон құрылысы және сыртқы инженерлік желілерді іске қосу Белкөл кентінен 4 шақырым қашықтықта орналасады. Оның аумағы 20 га. Қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрайды», - деп толықтырды ведомстводан.
Іске асыру мерзімі 2019-2020 жылға жоспарланып отыр. 40 жұмыс орнын құру көзделуде.