Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Қаржы министрі: Мұнай бағасына байланысты Қазақстан бюджетінің кірісі 22%-ға азайды

ҚР Қаржы министрі: Мұнай бағасына байланысты Қазақстан бюджетінің кірісі 22%-ға азайды

Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты Қазақстан бюджетінің кірісі 22 пайызға азайды. Бұл туралы елдің қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

"Импорт көлемі 38  пайызға төмендеді, нәтижесінде кедендік салықтан түсетін кіріс те 2 есе төмендеді. Мұнай бағасы 2 есе төмендегендіктен, экспортты кеден салығы да қысқарды. Нәтижесінде жалпы бюджет кірісі 22 пайызға азайды", - деп түсіндірді Б.Сұлтанов. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылмен салыстырғанда шығындар көлемі 103,4 пайыз деңгейінде сақталды. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен игерілмеген қаржы көлемі 2 есе төмендеп, 41 млрд теңгені құрады. Наурыз айында бюджет кірісінің болжамы 3,220 трлн теңгені құраған еді. Бұл оған дейінгі болжаммен салыстырғанда 939,6 млрд теңгеге аз. Шығындар - 7,244 трлн теңге, болжамды шамадан 610,7 млрд теңгеге кем.

Похожие материалы