Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылық министрлігі: нанды кесіп сатқан дұрыс

Ауыл шаруашылық министрлігі: нанды кесіп сатқан дұрыс

Нанды рационалды тұтыну мақсатында оны кесіп немесе аз бөлік түрінде сатқан дұрыс, деп есептейді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі  Сапархан Омаров. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің ресми сайтында хабарланды.

«Нанды кесек-кесек қылып сату деген өте дұрыс», - деді елорданың нан зауыты жөніндегі баспасөз туры барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ол.«Неліктен нанның қалдықтары қалып қояды? Өйткені, біз тұтас бір бөлкені сатып алып, үйде соның жартысын  ғана жеп үлгереміз», -деп толықтырды вице-министр. Осыған дейін еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстанда табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар әлеуметтік маңызды өнімнің бағасы артқан жағдайда әлеуметтік көмек ала алатынын мәлімдеген болатын. Ведомствода айуынша, нан бағасы өскен жағдайда «күнкөріс минимумының көлемі өзгереді, бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын арттыруға мүмкіндік береді». Еске салайық, ҚР Мемлекеттік комиссиясы экономиканы жаңғырту мәселелері бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап нан бағасын реттеуден бас тартып, нан бағасын белгілеудің нарықтық тетіктеріне көшу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде ҚР-да қарапайым нанның бағасы 80-90 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Азық-түлік тауарларына бағалардың артуын өтеу үшін табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек институтын пайдалану шешімі қабылданды. Фото: arbuz.kz
     

Похожие материалы