Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР ауыл шаруашылық өнімдері 0,2%-ға қымбаттады

ҚР ауыл шаруашылық өнімдері 0,2%-ға қымбаттады

2015 жылдың алғашқы тоқсанында өткізілген ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы 0,2%-ға қымбаттады деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

«2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ағымдағы жылдың наурыз айында ауыл шаруашылық ұйымдары жүзеге асырып отырған өсімдік шаруашылығы 1,2%-ға қымбаттаса, мал шаруашылығы 1,1%-ға арзандады», - делінген ақпаратта.

Қаңтар-наурыз айларында бидай мен қарақұмық бағасы 1,2%-дан, арпа - 1,1%-ға, күріш пен қарабидай - 1%-дан, жүгері пен сұлы - 0,5%-дан қымбаттаған. Қырыққабат бағасы 3,1%-ға, картоп - 0,9%-ға, қызылша - 0,4%-ға, сәбіз - 0,1%-ға көтерілсе,  түйінді пияз бағасы 0,3%-ға төмендеді. Асбұршақ 6,9%-ға, күнбағыс дәні - 0,8%-ға қымбаттап отыр.

Құс етінің бағасы 3,4%-ға, шошқа еті - 1,4%-ға төмендеді. Ал, қой етінің бағасы 1,7%-ға, жылқы еті - 0,4%-ға көтерілді. Жұмыртқа 4,5%-ға, піспеген сүт 0,8%-ға арзандады.

Похожие материалы