Экономика
ҚР Бас прокуратурасы: "Қазақстанда жемқор шенеуніктердің тізімі жыл сайын 3 000 адамға толығады"
Осы күнге дейін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасында 50 мың адам сыбайлас жемқорлық үшін жазаланды. Тізім жыл сайын 3000 адамға толығып жатыр. Қазір парламентте қаралып жатқан "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" жаңа заң жобасы, басқаларды осындай қылмыс жасаудан сақтайды деп хабарлады Бас прокурордың орынбасары Жақып Асанов.
"Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің базасында 50 мың адам сыбайлас жемқорлық үшін жазаланды. Бұл адамдар енді ешқашан мемекеттік жұмыс істей алмайды. Әрбір жыл сайын тізім 3000 адамға толығып отыр. Қаншама бүлінген тағдыр, мемлекет оларды оқыту үшін қанша ақша жұмсады. Олар өз ісінің маманы болып қалуы қажет еді",- деді Ж.Асанов. Оның ойынша, осындай қадамға іс-әрекеттерінде ашықтық болмауы әсер етеді.
"Егер олар қоғам тарапынан бақылуда болғанда, яғни іс-әрекеттерін ашық түрде көрсетіп отырғанда, олар бұндай заң бұзушылықтарға баруды ойламайтын еді. Ал жабық әрекетте көп алдаушылық болады. Сондықтан егер біз осы заңды (Ақпаратқа қолжетімділік туралы) қабылдасақ, көп адамдарды қорғап қаламыз. Бұл көптеген артықшылықтардың бір ғана", - деді Бас прокурорының орынбасары.