Экономика
ҚР Конституциясына өзгеріс енгізіледі
Қазақстан конституциясына өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы Астанадағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
"Біз келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаз бойы бүкіл үкімет аппараты, парламент жұмыс істеген 5 реформаны бастағымыз келеді. Ол үшін бізге 78 заңнамалық актіге, конституцияға өзгеріс енгізу қажет", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы. Оның атап өтуінше, Астанада қаржы орталығын құру үшін де елдің басты заңын өзгерту қажет.
"Бұл жердегі барлық жұмыс ағылшын тілінде жүргізілмек, ағылшындық заң қолданылады. Бұл барлық құқықтық реформаға импульс беруі қажет", - деді Н.Назарбаев.
Еске салайық, Ата заң 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған еді. Сол уақыттан бері 1998 жылы, 2007 жылы және 2011 жылы конституцияға 3 рет өзгеріс енгізілді.