Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Президенті бейнеленген марка БАӘ-інде сатылымға шықты

ҚР Президенті бейнеленген марка БАӘ-інде сатылымға шықты

Қазақстан мен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған маркалар айналымға шықты. Пошта маркасының номиналы 200 теңгені құрайды. Бұл туралы "Қазпочтаның" баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы қазан айның бірінде орнатылған болатын. Сол уақыттан бері екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық дерлік саяси спектрлер, сауда- экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық мәселелер бойынша сипатталады.

«Марка 4 бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 140 х 105 мм. Марканың өлшемі 28 х 35 мм. Таралымы – 10 000 дана. Суретші Қ. Ибрайшин. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басылып шығарылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар,  пошталық маркаларда екі елдің басшылары – ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және БАӘ шейхі Халифа бен Заид Аль Нахаян бейнеленген.

90d8da26f841af06962bff16446

Похожие материалы