Экономика
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға ресми сапармен барды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Париж қаласына келді. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Франция Президенті Ф.Олландпен кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар іскер және саяси топ өкілдерімен келіссөздер өткізу, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою және ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-сессиясына қатысу шаралары қарастырылған.
Фото: akorda.kz сайтынан алынды