
Румиль Тауфиков ҚР Президенті Протоколының бастығы қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының бұйрығымен Румиль Тауфикұлы Тауфиков басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Президенті Протоколының басшысы қызметінен босатылды", -делінген хабарламада.
ҚР Протоколы бастығының міндетін уақытша атқару Румиль Тауфиковтың орынбасары Тимур Пірімбетовке тапсырылды.
Румиль Тауфиков Протокол басшысы қызметін 2009 жылдан бастап атқарды.