Экономика
ҚР Президенті жанындағы ОКҚ Алматы облысының бөлімшесі алғашқы брифингін өткізді
ҚР Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметінің Алматы облыстық бөлімшесі жұмыс істей бастады. Бүгін Талдықорған қаласында «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі және мемлекеттік бағдарлама аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынастары» тақырыбында алғашқы брифингін өткізді. Бұл туралы орталықтың Алматы облысындағы өкілі Айнұр Ракишева хабарлады.
Баспасөз мәслихатына «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі»
АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымжан Дәулетжанұлы Шалғымбаев, директордың орынбасары Райхан Үмбетәліқызы Байбөринова және мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Олар салымшылардың салымдарын компенсациялау, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі шаралар, «Қолжетімді баспана» бағдарламасының мүмкіндіктері және т.б. өзекті сауалдарға жауап берді.