Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - "Радиоточка" порталы қаржы тапшылығынан жабылады, - деді Бигелді Ғабдуллин. Бұл туралы sputniknews.kz жазады.
«Расында, "Радиоточка" порталы жабылады, себептері белгілі – қаржылық проблемалар. Бірақ брендтің жойылып кетпеуі үшін "Радиоточканы" Central Asia Monitor газетінің сайты етеміз. Бұл ретте газеттің сайтын жауып тастаймыз. Осындай идея бар», — деп атап өтті Central Asia Monitor газеті бас редакторының кеңесшісі, бұрынғы "Радиоточканың" директоры Бигелді Ғабдуллин.
Газет бас редакторы кеңесшісінің сөзіне қарағанда сайт қызметкерлері тиісті өтемақы алатын болады. Қазір radiotochka.kz штатында сегіз адам бар.