Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Рахат Әлиев Австрия түрмесінде қайтыс болды

Рахат Әлиев  Австрия түрмесінде қайтыс болды

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары Рахат Әлиевтің Австрия түрмесінде қайтыс болғаны туралы хабарлады. Алдын-ала болжам бойынша экс-елші өзіне-өзі қол салған, деп жазады Ресейлік РИА новости.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауына қарағанда Әлиевтің қайтыс болғаны бүгін 7.20-да анықталған. Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венада 2014 жылдың 5 маусымында тұтқындалған еді. Оған дейін Қазақстан соты «қылмыстық топ құрып, адам ұрлады» деген айыппен сырттай 40 жылға соттау туралы үкім шығарған.

Ақпараттың рас немесе жалған екендігі әлі анық емес. Бұқаралық ақпарат құралдары «Рейтер» мен «РИА новостиге» сілтеме жасап таратуда. Ақпаратты таратқан «Рейтер» агенттігі Вена сотының өкіліне сілтеме жасаған.

Похожие материалы