Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Рахат Әлиевтің өз-өзін өлтіргендігі расталды

Рахат Әлиевтің өз-өзін өлтіргендігі расталды

Швейцариялық Санкт-Галлен қаласындағы Медициналық сот институтының мамандары Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің өлімінен ешқандай зорлық белгілерін тапқан жоқ. Ол 2015 жылдың ақпанында Венадағы СИЗО түрмесінде асылып өлгені күйінде табылған еді  деп жазады  Kleine Zeitung басылымы.

Вена прокуратурасының баспасөз хатшысы Нина Буссектің сөзінше, улану немесе зорлық жасау белгілері табылмаған. Сот-медициналық сарапшылары Әлиев өз-өзін өлтірді деген нұсқаны растап отыр. Осыған дейін саяси белсенді Александр Народецкий Әлиев өліміне "Рахаттың қазасына қатысып, оған көмек берген австралиялық жақ та кінәлі" деп мәлімдеген еді. 2015 жылдың ақпанында австралиялық БАҚ Әлиевті Австрия астанасындағы түрмеден өлі күйінде табылғандығын хабарлады. Олардың жазуынша, марқұм өз-өзіне қол салуы мүмкін қылмыскерлердің қатарына жатқызылмаған. Ал өліміне бірнеше уақыт бұрын оған қоқан-лоққы жасаған, осыған байланысты Әлиев бір орындық камераға ауыстырылған.

Похожие материалы