Экономика
Рахим Ошақбаев ҚР Инвестиция және даму вице-министрі болып тағайындалады
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев Инвестиция және даму вице-министрі болып тағайындалады. Бұл туралы Алматыда журналистермен кездескен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.
«Ол әңгімелесуден өтті. Оны мықты, белсенді басқарма мүшесінің бірі деп санаймын, -деді Абылай Мырзахметов. – Егер оның өмірбаянына қарасаңыздар, бір жылдан артық еш жерде жұмыс істемеген. Бәрін бірден, жылдам қабылдап алатын адам, оған ылғи жаңа шыңдарды бағындыру мен жұмысы үшін жаңа тақырып керек. Тек ол 3,5 жылдай бір ғана мекемеде – «Атамекенде» жұмыс істеді. Бұл үшін біз алғыс білдіреміз. Мұны кәсіпкерлер де айтып отыр. Қазір ол жаңа шыңды бағындырмақшы – бұл дұрыс. Біз бастапқы кезде-ақ ҰКП мемлекет үшін кадрлық резерв орталығы сияқты болатынын білгенбіз. Егер Рахим сияқты «багажы» бар адамдар мемлекеттік органдарға барса, олардың басқаша жұмыс істейтініне сенімдімін. Біздің шенеуніктердің проблемасының бірі –осы», деді ол.