Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Рахмет саған, Қазақстан!

Рахмет саған, Қазақстан!

Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Тіпті балалық шақтан бастап  адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады. Олар туған жер, туған ауыл, туған қала, ал мен үшін туған кентім. Менің туған жерім – қазақ даласы.

Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан 130-дан аса ұлт пен ұлыстың Қазақ еліне алғысы шексіз. Бүгінгі күні біз жасап жатқан киелі қвзвқ жерін сақтап қалу үшін, қаншама адам қанын төкті десеңізші! Қазақстан оңайлықпен құрылған ел емес. Бұл елді, яғни бұл жерді ата-бабамыз еңбек терімен, тіпті өз жанын қиып алып берген. Оларда тек бір ғана арман, мақсат болған. Тәуелсіз бейбіт елде жасау. Міне, ата-бабаларымыздың арманы орындалды. Бүгінгі күні біз тәуелсіз, бейбіт әрі тыныш елде өмір сүріп келеміз. Табиғае  десе табиғаты бар, кең далада өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Осы жерде қаншама даналар, ақындар, жазушылар, ғалымдар өз іздерін қалдырып, еңбектерін сіңірді. Солардың бірі Мұқағали ағамыз «Сендердікі қоғам, өмір, заман да, Сен түзеген қалаң менен далаң да, Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ, сендерге аманат етіп табыстаймыз, қабыл алыңдар!»-дейді. Біз жас ұрпақ ел қамы үшін суға да,  отқа да түсуге тиіспіз деп ойлаймын. Себебі бабалар қалдырып кеткен Ұлы дала алдындағы жауапкершілік бізді бүгін осыған шақырып отыр.

Қорытындылай айтқанда, мен осы қазақ даласында, яғни Қазақстанда өмір сүріп жатқаныма көп алғыс білдіремін. Қазақстаннан басқа алыс жерде тұруды елестете де алмаймын. Осы жерде туылғаныма шүкіршілік етемін. Себебі бұл ұлы дала менің ата-бабамнан қалған мирас. Рахмет саған, Қазақстан!

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Алтынбике Бертаева атындағы орта мектептің 7 «ә» сынып оқушысы Юлдашева Найля

«Рақмет саған, Қазақстан» эссе байқауына

Похожие материалы