Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Райымбек Баталов Алматының зообағын сенім шартымен басқаруға алуға дайын

Райымбек Баталов Алматының зообағын сенім шартымен басқаруға алуға дайын

Raimbek Group компаниясының басшысы Райымбек Баталов қала әкімдігі дайын болған жағдайда Алматы зообағын сенім шартымен басқаруға алуға дайын. Кәсіпкер бұл туралы бүгін журналистермен кездесуінде айтты.

 Егер басқаруға берілген жағдайда Баталов үздік мамандарды тартып, зообақтың қызметін дамытпақ. «Дәл қазіргі кезде кадр мәселесін шешіп, ветеринарлық бақылауды қатаңдату керек» дейді ол. Өйткені зообақтағы аңдардың көпшілігі ауруға шалдыққан. Ақ аюдың басына ісік пайда болып, тістері түсе бастаған. Рада есімді жолбарыс өз құйрығын өзі тістелеп, жиі қалтырайтын ауруға тап болған. Құрмайдың қанаты сынып қалған. Түлкі өз аяғын тістеп тастаған. Ал, зообақ басшылығы бұл мәселені жасырын ұстап отырған көрінеді. Еске салайық кеше «Құралай» есімді арыстанның ауруға шалдыққаны туралы ақпарат тараған еді. Әлеуметтік желі қолданушылар бұдан кейін зообақ басшылары қызметтен кетсін, Құралайды құтқарайық деп жаза бастады. Тіпті зообақты жауып тастау керек дегендер болды. Райымбек Баталовтың айтуынша жабудың қажеті жоқ. Өйткені Алматылықтар үшін қыдырып баратын жер аз. Ал зообақтағы мәселелерді шешуге болады. «Зообақ халықаралық стандарттарға сай болу үшін 70-100 млн еуро салу керек. Мен бұл үшін өз қаражатымды да салуға дайынмын. Бастысы оның жұмысы ашық болса болды», деді Р.Баталов.

Похожие материалы