Құралай Нұрқаділова Жоғары соттағы істі жеңіп шыққанымен, Алматыдағы қалалық сотта жеңілді. Судья Аслан Құбашев "Қазкомның" арызын жартылай қанағанттандырды. Ипотекалық несиеге байланысты іс бұл жолы банк пайдасына шешілді, бірақ осымен біте қоюы екіталай деп хабарлайды 365info.kz.
Танымал модельер мен банк арасындағы сот дауы 2013 жылдан бері жалғасып келеді. Қаржы мекемесі қарыз алушының келісім-шарт талаптарын орындамағаны үшін Құралай Нұрқаділовамен ипотекалық несиені үзбекші. Ал Нұрқаділова қайта құрылымдау мен капиталдандырудан кейін банк заңсыз түрде оның негізгі қарызының сомасын бірнеше мың долларға көбейтіп, мерзімі өткен пайыздар арқылы одан әрі қарызға батырды деп есептейді.
9 сәуір күні жарияланған кезекті сот шешімі түсініксіздеу болды деп жазады 365info.kz: Алматы қалалық сотының судьясы Аслан Құбашев шешімді оқыған кезде банктің арызыны жартылай қанағаттандырды, алайда Құралай Нұрқаділованың "Казкоммерцбанкке" қатысты арызы туралы тіс жарған жоқ.
- Бұл сот тарапынан болған қателік. Мен оның шешіміне қатысты пікір білдіруге дайын емеспін. Себебі арызды "жартылай" қанағаттандыру дегенді өзім де түсінбедім. Әлі бұл шешімнің үстінен шағым түсіреміз, - дейді модельердің өкілі Евгений Прицкер.
Бір қызығы, осы судьяның бір жыл бұрын дәл осы іске қатысты шығарылған шешімі бойынша, 2014 жылдың ақпанындағы сот процесі кезінде Аслан Құбашев істі Нұрқаділованың пайдасына шешкен екен.
Құралай Нұрқаділова мен Қазком арасындағы дау екі жыл бойы жалғасып келеді. Модельердің сөзіне қарағанда, банк 2006 жылы алған несиесі бойынша негізгі қарыз ретінде 44 мың доллар артық есептеген.