Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Рамада Плаза» ғимаратын жөндеуге астаналық полицейлер қанша қаражат жұмсауы мүмкін?

«Рамада Плаза» ғимаратын жөндеуге астаналық полицейлер қанша қаражат жұмсауы мүмкін?
Алматы. 8 қараша. 7kun.kz - «Рамада Плазаның» түпкілікті жөндеу құны жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленгеннен кейін белгілі болады. Астана қаласы полиция департаментінің бюджетіне үш жылға 29 млрд 186 млн 167 мың теңге бөлінген, 2019 жылға 10 млрд 175 млн 245 мың теңге тиесілі. Бұл туралы Астана полициясы департаменті басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков хабарлады. «Қазіргі таңда полиция департаментінің жеке құрамының жаңа әкімшілік ғимаратқа, бұрынғы «Рамада Плаза» қонақ үй кешеніне, көшуі бойынша мәселе шешілгендігі бәріне мәлім. Қазіргі уақытта біз ғимаратты техникалық тексеру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізудеміз. Демек, ЖСҚ әзірленгеннен кейін күрделі жөндеу жүргізу құны анықталады. Осыған байланысты «352-07 мемлекеттік органдардың капиталды шығындары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3 млрд теңге сомасындағы лимит шеңберінде 1 млрд 600 мың теңгеге жуық осы ақша қаражатының резерві қарастырылған, бірақ жөндеудің түпкілікті құны ЖСҚ алғаннан кейін белгілі болады», - деді Сабыр Жүсіпбеков.

Похожие материалы