Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ratel.kz, Forbes.kz сот шешімімен Кәкімжановтардың пайдасына 50 млн теңге төлейді

Ratel.kz, Forbes.kz сот шешімімен Кәкімжановтардың пайдасына 50 млн теңге төлейді
Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz - 4 сәуірде Алматының Медеу аудандық соты экс-қаржы министрі мен оның ұлының Ratel.kz интернет-порталын және Forbes.kz  журналын сотқа берген талап-арызы бойынша шешім шығарып, жауапкерлерді  50 млн 200 мың теңге төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды "Әділ сөз" қоры.
Сот шешімі бойынша  27 млн 900 мың теңге – Зейнолла Кәкімжановтың пайдасына, ал 22 млн 300 мың теңге Ильхалид Кәкімжановтың пайдасына берілуі тиіс. Жоғарғы соттың сайтында жарияланған шешімге сәйкес Forbes.kz сайтының құрылтайшысы United Media Group және бас редактордың орынбасары Александр Воротилов – Кәкімжановтарға 16,5 млн теңге төлеуі тиіс, ал Ratel.kz интернет-порталдың құрылтайшысы «ИТАЮ» ЖШС және басылымның бас редакторы Марат Әсіпов, журналистер Геннадий Бендицкий, Сапа Мекебаев – 26 млн 900 мың теңге төлеге міндетті. «Автодорсервис» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Виталий Процентов талапкерлерге 6 млн 800 мың теңге төлеуі тиіс. Сондай-ақ жауапкерлер 502 мың теңге мемлекеттік баж салығын төлуге міндетті. Бұдан тыс, сот Forbes.kz 9 мақалада баяндалған мәліметтерді жоққа шығарып, сайтағы және басылымның әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарда орналасқан 10 мақаланы толығымен алып тастауды міндеттеді (тек Кәкімжановтардың ар-намысын қорлаған мақалалардың ішіндегі бір мақаланың аты сот шешімінде көрсетілмепті). Сонымен бірге Ratel.kzинтернет-порталында жарияланған 13 мақаланы сот: шындыққа сай келмейді деп тауып, оларды да жоққа шығарып және алып тастауды талап етіпті. Жауапкерлер сот шешімімен келіспей, келесі сот сатысына шағымданатындарын мәлімдеді. 2016 жылы 29 желтоқсанда Ratel.kz интернет-порталының редакциясына экс-қаржы және мемлекеттік кірістер министрі Зейнолла Кәкімжановтан 2016 жылдың мамыр айынан желтоқсанға дейін сайтта жарияланған 9 мақаланы жоққа шығаруды және оларды сайттан алып тастауды талап еткен сотқа дейінгі кінәрат-талап түскен болатын. Қаңтардың алғашқы күндері Кәкімжановтар сотқа арыз беріп, порталдың бас редакторы Марат Әсіповтен және журналист Сапа Мекебаевтан – 2 млн теңгеден, ал журналист Геннадий Бендицкийден – 6 млн теңге, «Автодорсервис» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Виталий Процентовтен – 5 млн тенге, баспагер – «ИТАЮ» ЖШС-дан – 6 млн теңгені өндіріп беруді талап еткен болатын. 11 қаңтарда судья Т. Жұмамұратов: жауапкерлерге процесс туралы хабар таратуға, соның ішінде БАҚ-тарға жүгінуге және әлеуметтік желілерде түсініктеме беруге тыйым салған еді. 1 ақпанда судья Т. Жұмамұратов сот тыңдаулары жабық режимде өтетіні туралы шешім шығарған.

Похожие материалы