Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әрбір өңір үшін кедейлік шегін бөлек есептеуді ұсынады.
Тиісті құжатта көрсетілгендей, кедейлік шегінен төмен адамдарға мақсатты көмек көлемін анықтау кезінде экономиканың аймақтық ерекшеліктері ескерілетін болады.
Шенеуніктер ведомство басшысының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» бұйрығына үшінші тармақты қосуды ұсынады.
«2019 жылғы 1 шілдеден бастап, жергілікті атқарушы органдар есептеген мақсатты әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін тоқсан алдындағы тоқсанға есептелген күнкөріс минимумының 70% мөлшерінде», - делінген құжатта.