Алматы. 9 шілде. 7kun.kz - Астанада 70 мыңнан астам адам салық пен айыппұл төлемеген, ал әрбір оныншы қазақстандық салық төлемегені үшін шетелге шыға алмайды. Бұл туралы Астана қаласы, Сарыарқа аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлады.
Басқарманың ақпаратынша салық төлемеген 1 000-ға жуық адамға тиым салынғандықтан шетелге ұша алмаған. Мұндай жағдайға тап болмас үшін мамандар қарызы бар-жоғын тексеріп, төлеуді ескертеді.
Атыңызда қарыз бар-жоғын kgd.gov.kz сайтынан немесе мемлекеттік кірістер басқармасынан білуге болады.
Ал мүлдем төлемегендері арнайы мәліметтер базасына енгізіледі.