Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Әр қазақстандық орта есеппен жылына 2,4 кг балмұздақ тұтынады. Ресейде бұл көрсеткіш жылына 2,6 кг жоғары. Бұл туралы «Шин-Лайн» компаниясының балмұздақ санатының директоры Дмитрий Докин мәлімдеді.
«Скандинавия елдерінде балмұздақ тұтыну деңгейі жылына шамамен 10 кг құрайды, Италия, Франция және Испанияда – шамамен 5 кг. Тәттілерді тұтыну деңгейі әр елдің тұрғындарының сатып алу қабілетіне байланысты екенін есте ұстаған жөн», - деді Дмитрий Докин.
Оның айтуынша, Қазақстанда балмұздақ пен мұздатылған десерттер нарығы жылына 3%-ға өсуде. «2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда компанияда өсім бар – «Шин-Лайн» балмұздағының сатылымы табиғи сипатта 20%-ға артқан және ақшалай түрде 30%-ға өсті. Сонымен қатар, «Шин-Лайн» балмұздағының экспорты ақшалай көріністе 2,23 есеге артты. Ал компанияның кірістер құрылымындағы экспорт үлесі 7% -дан 12% -ға дейін өсті», - деді ол.