Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

РБК Қазақстанда хабар тарататын болады

РБК Қазақстанда хабар тарататын болады

РБК телеарнасы осы жылдың күзінде Қазақстанда хабар тарата бастайды. Бұл туралы "РБК-ТВ Қазақстанның" атқарушы директоры Вера Захарчук мәлім етті.

В.Захарчуктың айтуынша, РБК-мен арадағы келіссөздер бір жыл бойы жүргізілген. "Күзде "РБК-ТВ Қазақстан" жаңа бағдарламаларды ұсынуға дайын екен. В.Захачук арнаның бірінші қонағы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов болатынын айтып өтті. Сондай-ақ канал бизнес пен экономика саласындағы жетекші сарапшыларды шақырмақ. "Қазақстандың контент ресейлік хабар тарату шеңберінде болады, яғни эфирдің 20 пайызын еншілейміз. Бастапқы кезеңде, әрине, біз шетелдік мамандардың консультациясын алып отырамыз, алайда біз шығаратын барлық өнім қазақстандық журналистердің күшімен әзірленеді деп сеніммен айта аламыз. Біз көрерменге бизнес пен экономика саласынан объективті, қызықты және маңызды ақпаратты ұсынғымыз келеді. Қазіргі кезде бір де бір канал мұны жасап жатқан жоқ, біз осы бағытта жұмыс жасамақпыз. Біздің арна республиканың кез келген нүктесінде қол жетімді болады", - деп мәлімдеді В.Захарчук. В.Захарчуктың айтуынша, "РБК-ТВ Қазақстан" редакциясы "Атакент" орталығының аумағында орналасады, хабар тарату меншікті қаражат есебінен жүргізіледі. КТК арнасының жүргізушісі Санат Бураханов "РБК-ТВ Қазақстан" арнасының директоры әрі ортақ құрылтайшысы болады. Бұл ретте, В.Захарчук С.Бураханов екі қызметі қатар атқаратынын және жаңа өнім коммерциялық телеарна болмайтынын атап өтті. Ақпарат көзі: Tengrinews.kz

Похожие материалы