Астана. 1 ақпан. 7kun.kz - RBK банкі бақылаушы капиталын 11 млрд теңгеге арттырды. Пайызбен есептегенде өсім 12 пайызды құрады. Барлық соманың 9,9 млрд теңгесі қарапайым акциялар түрінде, қалған 1,1 млрд теңге міндеттелген қарыздар есебінен түскен. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Докапиталдандыру нәтижесінде банк капиталы 103 млрд теңгені құраған. Оның ішінде өз капиталы – 92 млрд теңге, жарғы капиталы – 64 млрд теңге. Банк капиталын өсіру арқылы RBK капитал жеткіліктілігінің К1-1 және К2 көрсеткіштерін 7,5 пайыз бен 9,0 пайыздан 8,5 пайыз бен 10,1 пайызға дейін көтерген.
Бұдан бөлек, банк өткен жылы өздерінің жарғылық капиталы жаңа акциялар есебінен 13,3 млрд теңгеге артқанын мәлімдеді. Естеріңізде болса, 2016 жылдың тамызында банк активтері 1 трлн теңге шектік шамасынан асқан болатын.
Банктің баспасөз қызметі банкке түске қаржы экономиканың ұжымдық секторын қаржыландыруға, отандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын кредиттеуге жұмсалатынын айтады. 2017 жылдың 1 қаңтарында банк активтері 1021 млрд теңгені құрады. Қарыз портфелі – 753,4 млрд теңге, тұтынушылардың қаржысы – 782,6 млрд теңге, оның ішінде жеке тұлғалардыкі – 210,3 млрд теңгені құраған.
Банктің кеңселері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Шымкент, Семей және Екібастұз қалаларында орналасқан.