Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Референдум өткізуге бөлінген 16,4 млрд теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды

Референдум өткізуге бөлінген 16,4 млрд теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. 7kun.kz – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізуге 16,4 млрд теңге жұмсалады. Бұл ақша республикалық бюджеттен бөлінді, бірақ ол Орталық сайлау комиссиясына әлі берілген жоқ, деп хабарлайды 7kun.kz.

Референдум өткізуге бөлінген қаражаттың 21%-ы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге және сайлау учаскелерін жабдықтауға жұмсалады.

«Бұл соманың 21%-ы сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыруға жұмсалады. Бұл қаржыға учаскелік және аумақтық комиссиялардың жұмысына қызмет көрсету және баспа өнімдерін шығару, Орталық референдум комиссиясының жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ республика бойынша ақпараттық билбордтарды дайындау және орналастыру », – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Бюджеттің қалған 79%-ын учаскелік және аумақтық комиссиялардың 71 мың мүшесінің еңбекақысы құрайды. Сондай-ақ Мұстафина комиссия қызметкерлеріне сайлау учаскелерінде жұмыс істегені үшін негізгі жалақыларына қосымша ақы төленетінін де түсіндірді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, олардың жалақысы 275 мың теңгені құрайды. Бірақ жалақы нақты жұмыс істеген уақытына қарай төленеді.

Қалған қаржы 11 839 761 бюллетень жасауға жұмсалады.

Сайлау учаскелерінен тікелей трансляция болмайды. ОСК мүшесі Константин Петровтың айтуынша, Қазақстанда мұндай хабарлар «техникалық жағынан да, қаржылық жағынан да қамтамасыз етілмейді».

Похожие материалы