Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Рейтингі жоғары ТОП-5 қазақстандық банк

Рейтингі жоғары ТОП-5 қазақстандық банк
Алматы. 17 тамыз. 7kun.kz – Банктердің тұрақтылық көрсеткішінің бірі –рейтинг. Рейтингтерді арнайы рейтинг агенттері банктердің қызметін жан-жақты сараптай отырып, «А», «В», «С» деңгейінде белгілейді. «А» төлем қабілеті жоғары компанияларға, «С»-төлем қабілеті төмендерге беріледі. Мұндай агенттіктердің бірі - Standard & Poor’s рейтинг агенттігі 1890 жылдан бастап қызмет етеді және «үлкен үштікке» кіреді. Агенттік өкілдері 100-ден астам мемлекетте қызмет көрсетеді және ең сенімді агеніттіктердің бірі. Мұнда күн сайын 6300 қызметкер компаниялардың қаржылық есебі мен құжаттарын сараптамадан өткізеді. Назарларыңызға аталған агенттіктің рейтинг көрсеткіші бойынша ТОП-5 қазақстандық банк тізімін ұсынамыз: 1. HALYK BANK (Рейтинг BВ). 2. KASPI BANK (Рейтинг ВВ-/В). * 3. TENGRI BANK (Рейтинг В+). 4. KAZKOM (Рейтинг В+). 5. ЦЕСНАБАНК (Рейтинг B+). Айта кетейік, S&P Global Ratings «Kaspi Bank»АҚ рейтинг бойынша болжамын «Жағымсыз» деңгейінен «Тұрақтыға» өзгертіп, банк қызметінің тұрақтылығын мақұлдады.

Похожие материалы