Выбор редактора
"Рэкетир 2: Прошлое не отступит" фильмінің алғашқы аптадағы табысы жария етілді
Режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир 2: Прошлое не отступит" криминалды драмасы прокатқа шыққан бір аптаның ішінде 114 миллион теңге (613 мың доллар) табыс тапты. Бұл жөнінде жоба продюсері Анна Чакиртова мәлімдеді.
"Рэкетир 2: Өткен шақ шегінбейді" фильмі 900 мың долларлық бюджетпен Қазақстанда 28 мамыр күні шыққан болатын. Бір аптаның ішінде түскен ақша көлемі бойынша туынды алғашқы орында тұр.
Фильмде Жан Байжанбаев, Фархад Абдраимов, Азамат Сатыбалды, Аян Өтепберген, Максим Акбаров, Әсел Сағатова секілді актерлер және әнші Жанар Дұғалова ойнайды. Айта кетейік, фильм Қырғызстан, Бурятия мен Якутияда, сондай-ақ Моңғолияда прокатқа шықты. Мәскеуде фильмнің премьерасы 6 маусым күні өтеді.